- 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Түркістан облысында салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылып, руханият саласында жемісті еңбек етіп жүрген мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Кеш барысында мәдениет пен өнердің қоғамдағы маңызы, ұлттық құндылықтарды сақтау мен ұрпақ сабақтастығын жалғастыру жолындағы сала қызметкерлерінің еңбегі ерекше атап өтілді. Түркістан өңірінің рухани-мәдени әлеуетін дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталып, құрметке ие болды.
Салтанатты жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет саласы қызметкерлерінің ел руханиятын дамытудағы еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, өңірдегі мәдениет пен өнердің өркендеуіне үлес қосып жүрген сала мамандарына арнайы марапаттар табысталды.
Атап айтқанда, мәдениет саласының қызметкерлері:
— «Ерен еңбегі үшін» медалімен;
— Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен;
— Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен;
сондай-ақ Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, Түркістан облыстық AMANAT партиясы төрағасының орынбасары Қалима Жантөреева құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарына марапаттар табыстады. Республикалық «AMANAT» партиясының және Түркістан облыстық филиалының Алғыс хаттары табысталды.
Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғ. Ерназаров құттықтау сөз сөйлеп, облыстық «Музейлер шеруі» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Мерекелік жиынға зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының ардагерлері, өнер майталмандары мен өңірдің шығармашылық ұжымдары қатысты. Марапаттау рәсімінен соң көрермен назарына эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылып, ерекше әсер сыйлады.
