2026-03-30 17:35:35
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Шымкент қаласында медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын қадағалайтын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаменті 2025 жылы оң нәтижелерге қол жеткізді. Департаменттің басты мақсаты – қаламыздағы медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын бақылау және фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу.

Департамент қызметін Қазақстан Республикасының 2020 жылғы №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі және Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы №645 бұйрығы негізінде атқарады. Ұйым медициналық қызмет көрсету сапасын қадағалайды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын бақылап, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымына мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, ұсыныстары мен хабарламалары қаралады; әкімшілік құқық бұзушылық істері тіркеледі; мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, соның ішінде лицензиялау, маман сертификатын беру және басқа да қызметтер; фармацевтикалық инспекциялар өткізіліп, GxP халықаралық фармацевтикалық практика стандарттарына сәйкестігі тексеріледі.

2025 жылы Департамент арқылы жалпы 30 324 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде медициналық қызмет саласында – 28 725 қызмет (2024 жылы – 13 763), фармацевтикалық саласында – 1 599 қызмет (2024 жылы – 1 142). Мемлекеттік қызмет алу үшін тапсырылған өтініштер саны 2025 жылы салыстырмалы түрде екі есеге артты: 28 728 өтініш тіркелді (2024 жылы – 13 673). Бұл өзгеріс «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа енгізілген түзетулерге байланысты.

Сонымен қатар, Департаментке 2025 жылы 754 өтініш келіп түсті (2024 жылы – 772). Оның ішінде тексеру жүргізілген – 274 өтініш, басқа мемлекеттік органдарға бағытталған – 160, түсіндірме берілген – 164, бас тартылған – 113, кері қайтарылған – 43. Жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 331 хаттама толтырылды.

Фармацевтикалық саланы бақылаудың маңызды бағыты – халықаралық фармацевтикалық практика стандарттарына сәйкестікті тексеру арқылы фармацевтикалық инспекциялар жүргізу. Департаменттің қызметі қаладағы медициналық және фармацевтикалық салалардың сапасын қамтамасыз етуге, тұрғындардың денсаулығын қорғауға бағытталған.

Толығырақ: https://youtube.com/live/SAlMXC7K1sc?feature=share

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР