2026-03-30 18:09:11
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ: ЖАСТАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢ

Қазақстан Республикасы Президентінің №1202 Жарлығы негізінде 2026 жылғы көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқаны ресми түрде басталды. Құжатқа сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айлары аралығында жүргізіледі.

Шақыру тәртібі Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заң талаптарына сай жүзеге асырылады. Заңның 27-бабында бұл үдеріс Қарулы Күштер мен басқа да әскери құрылымдарды толықтыруға бағытталған маңызды мемлекеттік іс-шара ретінде айқындалған.

Науқанды ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Осы мақсатта арнайы әскерге шақыру комиссиялары құрылып, олардың құрамына әкім орынбасары төрағалық етеді. Медициналық тексеру нәтижелері бойынша комиссия әрбір азаматқа қатысты нақты шешім қабылдайды: әскери қызметке жарамды деп тану, кейінге қалдыру немесе толық босату.

Әскерге шақырылушылар белгіленген күні жергілікті әскери басқару органдарына келуге міндетті. Шақыру қағаздары кемінде үш күн бұрын ұялы байланыс немесе Электрондық үкімет порталы арқылы жіберіледі. Ал байланыс деректері болмаған жағдайда, қағаз түріндегі хабарлама тұрғылықты мекенжайға жеткізіледі.

Белгіленген уақытта келмеген және дәлелді себептерін хабарламаған азаматтардың келуін қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі. Сонымен қатар, медициналық тексеруден өту кезеңінде азаматтардың жұмыс орны мен жалақысы сақталады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 18 бен 27 жас аралығындағы, кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады. Іріктеу барысында олардың физикалық және моральдық-психологиялық дайындығына ерекше мән беріледі.

Толығырақ: https://youtube.com/live/8AOLxBQTnGA?feature=share

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР