2026-03-15 15:02:57
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Бірліктің үлгісіндей Қонарбаевтар отбасы референдумға бірге келді

15 наурыз күні Шымкент қаласындағы №37 референдум учаскесінде тұрғындар белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Учаскелік комиссия төрағасы Бақытжан Шарапов берген мәліметке сәйкес, бұл учаскеде барлығы 2573 дауыс беруші тіркелген. Қазіргі уақытта олардың шамамен 35–40 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген. Референдум учаскесінде 9 комиссия мүшесі жұмыс істеуде.

Комиссия төрағасының айтуынша, Нұршуақ шағынауданының тұрғындары толықтай осы учаскеге тіркелген және дауыс беру процесі қалыпты, ұйымдасқан түрде өтіп жатыр.

Сайлау учаскесіне отбасымен келіп, азаматтық белсенділік танытқандардың бірі – Самал-3 шағынауданы, Қазақ Ордасы көшесі №156 үйдің тұрғындары Қонарбаевтар отбасы. Олар 50 жыл бойы бірге өмір сүріп келе жатқан үлгілі шаңырақ.

Қонарбаевтар отбасы 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде олардан тараған ұрпақ өсіп-өніп, 19 немере мен 2 шөбере сүйіп отыр.

Отбасы мүшелері референдум учаскесіне арнайы келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлестерін қосты.

Жарты ғасыр бойы тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан Қонарбаевтар шаңырағы қоғамдағы береке мен ынтымақтың үлгісі іспетті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР