2026-03-15 15:13:24
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында референдумға келген азаматтардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділігін арттыру мақсатында түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Атап айтқанда, қаладағы бірқатар референдум учаскелерінде тұрғындар арасында әртүрлі ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр.

Шымкент қаласының Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы Орталық стадионында №90 референдум учаскесі орналасқан. Мұнда таңертеңнен бастап дауыс беруге келген азаматтардың белсенділігі байқалады. Мұнда келген азаматтар гір тасын көтеру, асық ату, бестас, ләңгі тебу секілді ұлттық ойындарға қатысып, мерекелік көңіл-күйді сезінуде.

Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Нұрлыбек Өтепбергеновтің айтуынша, жалпы 300-ден астам референдум учаскесінде таңғы 9:00-ден бастап ұлттық спорт ойындары өтіп жатыр. Оған барлық спорт мектептері атсалысуда. Белсенді қатысушыларға арнайы жүлделер де бар.

Айта кетсек, №90 референдум учаскесінде 2561 дауыс беруші тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР