2026-03-15 15:16:14
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ХАЛЫҚ ӘРТІСІ МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгін Шымкент қаласында референдум өтуде. Маңызды саяси науқан аясында Қазақстанның Халық әртісі Майра Мұхамедқызы №11 сайлау учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Белгілі опера әншісі референдумға қатысу әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай маңызды сәттерде халықтың бірлігі мен белсенділігі ерекше маңызға ие.

Өнер иесі дауыс беру учаскесіне келіп, барша қазақстандықтарды елдің дамуы мен келешегі үшін бейжай қалмай, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласында референдумға байланысты дауыс беру учаскелері таңғы уақыттан бастап жұмыс істеуде. Қала тұрғындары мен қонақтары кешке дейін өз таңдауларын жасауға мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР