
Шымкент қаласында өткен республикалық референдум барысында жас жұбайлар да азаматтық белсенділік танытып, дауыс беру учаскелеріне арнайы келді.
Атап айтқанда, №228 референдум учаскесіне келген Нұрлан Нұргерім Мақсұтұлы мен Әмзе Несібеліұлбала Нұржанқызы өз таңдауларын жасап, ел болашағына бей-жай қарамайтындарын көрсетті.
Сонымен қатар осы учаскеге тағы бір жас отбасы – Мадижан Ордабек Жайсанбекұлы мен Ағалы Аружан Шахқызы да келіп, дауыс берді. Жас жұбайлардың айтуынша, референдум әрбір азамат үшін елдің келешегіне қатысты маңызды шешім қабылдайтын күн.
Жас отбасылардың дауыс беруге келуі қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің жоғары екенін аңғартып, ел болашағына бейжай қарамайтын жастардың бар екенін көрсетті.
