2025-12-06 19:26:07
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жаратылыстану пәндерін оқытуда жаңа серпін: республикалық конференция өтті

Шымкент қаласындағы №144 мектеп базасында жаратылыстану бағытындағы білім сапасын көтеруге арналған ауқымды республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы зерттеу әдістері: тәжірибе мен нәтиже» тақырыбын арқау еткен шараға еліміздің түрлі өңірлерінен 300-ге жуық ғалымдар, зерттеушілер мен тәжірибелі педагогтер қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда зерттеу әдістерін тиімді енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және оқу үдерісіне ғылыми тәсілді тереңірек сіңіру. Қатысушылар балалардың ғылыми сауаттылығын дамыту – заманауи білім берудің басты талаптарының бірі екенін атап өтті.

Мамандар химия, биология, физика, география пәндерінде зертханалық тәжірибелерді жетілдіру, зерттеу жобаларына оқушыларды кеңінен тарту, ғылыми мәселелерді шешуге баулудың заманауи тәсілдерін талқылады. Бірқатар педагогтер өз мектептеріндегі инновациялық жобаларын ұсынып, тәжірибелік жұмыстардың нақты нәтижелерін көрсетті.

Конференция барысында Астана, Шымкент қалалары мен Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарынан келген ұстаздар оқытудағы әртүрлі әдістемелік модельдерді ортаға салып, оқушының зерттеушілік қызығушылығын арттыруға бағытталған тың ұсыныстарын жеткізді.

Шараға қатысушылар пікір алмасып қана қоймай, зерттеу тәсілдерін қолдану арқылы оқу үдерісін жандандырудың тиімді жолдарын жүйеледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай алаң педагогтерді біріктіріп қана қоймай, жаратылыстану пәндерін тереңдетіп оқытуға жаңа қарқын береді.

Республикалық деңгейде өткен бұл конференция мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, оқу жоспарларына жаңаша көзқарас қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара жаратылыстану пәндерін оқытудағы зерттеушілік мәдениетті нығайтуға жол ашып, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР