«Кітап оқитын ұлт» жобасына қош келдіңіз!
Бұл жоба сізге көбірек кітап оқуға, әсерлеріңізбен бөлісуге және қызықты байқауларға қатысуға көмектеседі.
Бастау үшін https://reading-nation.kz сайтында тіркелу және жеке кабинетіңізді ашу қажет. Жеке кабинет – бұл сіздің жеке бетіңіз, онда оқылған кітаптарды бақылауға, мақсат қоюға және жетістіктеріңізді көруге болады.
1-қадам: Тіркелуге дайындалыңыз
Бастамас бұрын мыналардың бар екеніне көз жеткізіңіз:
- Интернеті бар компьютер, планшет немесе телефон.
- Белсенді электрондық пошта (email), мысалы Gmail немесе Yandex (болмаса – mail.ru немесе gmail.com сайтында тегін жасай аласыз).
- Егер сіз бастауыш сынып оқушысы болсаңыз – ата-анаңыздан көмек сұраңыз.
2-қадам: Тіркелу бетіне өтіңіз
«Тіркеу» деген тақырыппен бет ашылады. Онда толтыруға арналған форма — сауалнама болады.
3-қадам: Тіркелу формасын толтырыңыз
Форма қарапайым, жоғарыдан төмен қарай толтырылады. Міндетті өрістер * белгісімен белгіленген.
Кеңес: Абайлап, қатесіз толтырыңыз. Егер өріс қызыл түспен белгіленсе — қате бар деген сөз (мысалы, email дұрыс форматта емес).
4-қадам: Тіркелуді аяқтаңыз
- «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
- Сіздің email-ға сайттан хат келеді («Кіріс» папкасында болмаса, «Спам» папкасын тексеріңіз). Хатта растау сілтемесі болады — оны басыңыз, аккаунт белсендіріледі. Егер қате шықса: Барлық өрістердің толтырылғанын тексеріңіз. «Email уже используется» деген хабар шықса — осы email-мен аккаунт бар, басқа email қолданыңыз.
5-қадам: Жеке кабинетке кіріңіз (аккаунтқа кіріңіз) Email-ды растағаннан кейін:
- Негізгі бетке қайтыңыз: https://reading-nation.kz
- «Кіру» батырмасын табыңыз
- Оны басыңыз — кіру формасы ашылады.
- Енгізіңіз:
Email (тіркелгенде қолданғаныңыз).
Құпия сөз (өзіңіз ойлап тапқаныңыз). - «Кіру» батырмасын басыңыз.
- Дайын! Сіз жеке кабинеттесіз. Мұнда көретіндеріңіз:
Өз профиліңіз (сурет, аты-жөніңіз, оқылған кітаптар).
Пайдалы кеңестер
Оқушыларға: Жеке кабинетіңізді ата-анаңызға немесе мұғаліміңізге көрсетіңіз — олар кітаптармен көмектесе алады. Енді сіз оқуға дайынсыз! Кітап таңдаңыз, оқылды деп белгілеңіз және алғашқы ұпайларыңызды алыңыз. «Кітап оқитын ұлт» жобасында сәттілік тілейміз — кітаптар сіздің ең жақын достарыңыз болсын!
Дерек көзі: reading-nation.kz
