2025-11-26 10:53:25
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ШЫМКЕНТ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНДА ЖАҢА ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ДҮҢГІРШЕК АШЫЛДЫ

Шымкент қаласының теміржол вокзалында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа туристік ақпараттық аралша өз жұмысын бастады. Бұл бастама Шымкенттің туристік әлеуетін арттыруға және қала туралы сапалы ақпарат ұсынуға бағытталған.

Аралшаның басты мақсаты – Шымкентке келген туристерге бағыт-бағдар көрсету, көрікті орындар, мәдени және табиғи нысандар, демалыс аймақтары, мейрамханалар мен қонақүйлер туралы толық мәлімет беру. Мұнда қала карталары мен ақпараттық буклеттер ұсынылып, QR-код арқылы цифрлық гид жүйесіне қосылуға мүмкіндік қарастырылған. Білікті консультанттар келушілерге экскурсиялық бағыттар мен демалыс орындары туралы кеңес береді.

Соңғы жылдары Шымкент еліміздің жетекші туристік орталықтарының біріне айналып келеді. Қаланың тарихи аймақтары, этноауылдары, көрікті саябақтары мен ұлттық тағамдары шетелдік және отандық туристердің ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Жаңа туристік аралша қаланың қонақжай келбетін арттырып, сапалы сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етпек.

Мекенжай: Шымкент қаласы, теміржол вокзалы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР