2024-11-24 10:41:34
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

2 805 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға қоғамдық жұмысқа жолданды

2 805 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға қоғамдық жұмысқа жолданды
Шымкент қаласында азаматтарды жұмыспен қамту – басым бағыттардың бірі. Шаһарда жастар практикасы бағытында уақытша жұмысқа орналасқан тұрғындардың бірі – Жұлдызай Жамал.
Ол 2020 жылы Шымкент қаласындағы «SILKWAY» Халықаралық университетін бастауыш пәні мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жоғары оқу орнын бітірген жас маман былтыр қалалық жұмыспен қамту орталығында «жұмыссыз» ретінде тіркеліп, көп ұзамай «Жастар практикасы» бойынша Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне жолданды.
Содан соң, бағдарламаның мерзімі аяқталған соң, биыл ақпан айында аталған мектеп-лицейіне бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде «Қоғамдық көмекші» ретінде жұмысқа тартылып, тәжірибе жинақтауда.
– Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мол. Оқу бітірген соң мамандығым бойынша «Жастар пратикасы», одан соң қазір «қоғамдық көмекші» ретінде уақытша жұмысқа орналастым. Жинаған тәжірибенің арқасында алдағы уақытта тұрақты жұмыс табатыныма сенімдімін, – дейді 23 жасар бағдарлама қатысушысы.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға мүмкіндігі бар азаматтар – жұмыссыздар⠀(халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алмайтын жұмыссыздар),⠀денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу үдерісін бұзбайтын жұмыстарда жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары,⠀жұмыстың тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген азаматтар.
Уақытша жұмыс орны болып есептелінетін «Қоғамдық жұмыс» –жұмыскерді алдын-ала кәсіптік даярлауды талап етпейді және әлеуметтік бағытқа ие.
Айта кетсек, биыл қоғамдық жұмыспен 2 805 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды. Жоспар артығымен орындалып, уақытша жұмысқа жолдама беру әзірге тоқтатылған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР