2024-11-24 09:39:59
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қосалқы станциялардағы құрылыс барысын пысықтады

Қосалқы станциялардағы құрылыс барысын пысықтады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетов пен энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б.Булатбеков құрылысы қарқын алған бірқатар электр тарату қосалқы станцияларындағы жұмыс барысын бақылады.
Қала әкімінің орынбасары мен басқарма басшысы қазіргі уақытта құрылысы жүріп жатқан 220 кВ «Бозарық» қосалқы стансасының таратушы көзі «Қазфосфат» ЖШС-на қарасты «ГПП-2» ҚС-да атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.
Бүгінде аталған электр тарату стансасында қайта құру жұмыстарының 89 пайызы аяқталған. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары мен басқарма басшысы «1-М-1» қосалқы станциясындағы құрылыс жұмыстарын пысықтады. Бүгінгі таңда «1-М-1» қосалқы станциясының құрылысы 90 пайызға аяқталған. Құрылыс жұмыстары биыл шілде айына дейін аяқталатын болады.
Аталған электр тарату станциясының құрылысы толық аяқталса, 4 елдімекендегі 70 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Олар – Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай және Қайнарбұлақ елдімекендері.
Қала әкімінің орынбасары мен басқарма басшысы мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарын сапалы атқаруды және уақытында аяқтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР