2025-08-13 23:22:33
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Татулық – тұрақтылықтың тірегі

Қоғамдағы татулық – ел дамуының басты кепілі. Ол жай ғана тыныштық емес, халықтың санасына сіңген мәдениет, өмір сүру дағдысы. Қазақстан бұл құндылықты қалыптастыруда және оны сақтауда әлемге үлгі боларлықтай тәжірибе жинақтады.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Этносаралық келісім – бір сәттік науқанның немесе әкімшілік шешімнің нәтижесі емес. Бұл – ұзақ мерзімді, жүйелі, әрі ойластырылған қоғамдық-саяси үдеріс. Осы бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарып келеді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ассамблея әр этнос өкілінің пікірін ашық білдіруіне, ұсыныстарын ортаға салуына және шешім қабылдау процесіне қатысуына мүмкіндік беріп, елде сенім кеңістігін қалыптастырды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бейбітшілік – өзара түсіністіктен басталады. Көпэтносты елде тіл, дін, мәдениет алуан түрлі болуы – заңдылық. Бірақ бұл айырмашылықтар қоғамның бөлінуіне емес, келісім мен үйлесімнің нығаюына қызмет етуі керек. Ол үшін білім беру, мәдениет, ақпараттық саясат және тәрбие жұмысы бір мақсатқа тоғысуы қажет.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бүгінгі татулық – Қазақстанның ең үлкен жетістіктерінің бірі. Өйткені әлемде көптеген мемлекеттер әлеуметтік келісімнің жоқтығынан тұрақсыздыққа тап болуда. Біз, керісінше, бірлікті басты құндылық етіп, болашаққа нық қадам басып келеміз.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР