2021 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары.⠀
«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 1 698 893 адамға коронавирус вакцинасы егілді.