2024-11-21 16:27:06
6.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жайлы мектептерде толық отандық жиһаз қолданылады

Жайлы мектептерде толық отандық жиһаз қолданылады

Түркістанда құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Бұл жұмыстар облыс әкімінің қадағалауында тұр. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Түркістандағы құрылыс нысандарын кезекті рет аралап, мердігерлермен кездесті. Жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.

Бүгінде Түркістанның Жаңа қала аумағындағы 2 мың орындық мектептің құрылысы қарқынды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектеп биыл пайдалануға берілмек.

Облыс әкімі тарапынан құрылыстың сапасына мән беру керектігі, бұл мектеп өңірдегі өзге мектептерге үлгі болуы тиіс екендігі айтылды.

Дархан Сатыбалды жаңа үлгідегі білім ұяларын тек отандық жиһазбен жабдықталуын қатаң ескертті. Құрылысты ширатуды тапсырды.

Айта кетейік, білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыста үш жылда 100-ге жуық мектеп салынады. Оның ішінде 63 білім нысаны «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы бой көтереді. Биыл осы жоба аясында 29 мектеп ел игілігіне беріледі деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР