2024-11-22 05:46:36
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Отандық вакцина бірінші кімге салынады?

Отандық вакцина бірінші кімге салынады?
inform.kz

Қазақстандық вакцинаның кімге бірінші салынатыны белгілі болды. Ресейлік «Спутник V» секілді отандық QazVac вакцинасын да қауіп-қатер аймағында жүргендер қабылдайды. Ол – дәрігерлер, мұғалімдер мен полицейлер, деп хабарлайды Citynews.kz ақпарат агенттігі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Манар Смағұл, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары:

— Вакциналау кезінде тәуекел топтарына басымдық беріледі. «Спутник V» пайда болған кезде, ол ең алдымен тәуекел тобына егілді: медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлер. Егер осы топтардың арасында қазақстандық вакцинаны алғысы келгендер болса, оларға бірінші салынады.

Отандық вакцинаны алғысы келген өзге азаматтар препарат қолжетімді болған жағдайда ғана егіледі. Бүгінде өңірлерге 50 мың доза жіберілді. Вакциналау дүйсенбіден басталады деген жоспар бар.

«Қазақстандықтар препаратқа еш күмән келтірмесін, оның қауіпсіздігі мен тиімділігі жоғары» — дейді ғалымдар. Клиникалық зерттеулердің екі сынақ мерзімінде де ол 96 пайызды көрсеткен. Үшінші сынақ толық аяқталған жоқ. Дегенмен ұжымдық иммунитетті күшейтуге осының өзі жеткілікті. Екпе жасаушылардың еңбегін ел билігі еледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті:

— QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР