Қазақстанда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың тегін курстары жүргізілуде. Бүгінге дейін бұл курстардан елімізде 40 мыңға жуық педагог өтті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Курстар биылғы жылдың тамыз айында басталды. Курс бағдарламаларын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы әзірлеп, өткізеді. Орталық осы жылы 55 мыңнан астам пән мұғалімін оқытуды жоспарлап отыр.
Өрлеу орталығы бір айда 300-ден астам курс өткізді және оған 8 мыңнан аса мұғалім қатысты. Бүгінде 3 мың педагог әлі де оқып жатыр, олар курстардың қорытындысы бойынша тест тапсырады. Айта кету керек, кәсіби біліктілігін арттырғысы келетін ұстаздар саны жыл санап артып келеді. Мұндай курстар педагогтердің жұмысының сапасына, білім беру сапасына және жалпы оқушылардың білім деңгейін де айтарлықтай арттыруға ықпал етеді», – деп атап өтті «Өрлеу» БАҰО» АҚ төрағасы Еламан Айбулдинов.
Сондай-ақ курстардан математика, информатика, физика, химия, биология, география, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих және бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарынан тегін өте алатынын айта кету керек. Курстар осы жылдың қараша айының соңына дейін жалғасады.
Курстан өту нәтижесі бойынша оқытудың тиімділігін талдау және алынған білімді қорытынды бағалау жүргізіліп, мұғалімдерге сертификат беріледі.