2024-11-23 18:59:09
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Сенатта электр скутерлері мен шағын көлік құралдарының қозғалысын реттеу мәселелері талқыланды

Сенатта электр скутерлері мен шағын көлік құралдарының қозғалысын реттеу мәселелері талқыланды

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды Citynews.kz.

Заңның негізгі мақсаты – шағын электрлі көлік құралдарын, сондай-ақ электр скутерлерін пайдалану мәселелерін заңнамалық реттеуді енгізу болып табылады. Сонымен қатар көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мен жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгілерін дайындауға мемлекеттік монополия енгізіледі.

Заң арқылы Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып отыр.

Заңға «электр скутері» ұғымы енгізілді, ол құрылғылық жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы ретінде танылады және олар жүре алатын жерлер анықталды. Атап айтқанда, заңмен енгізілген шарттар мен тыйымдарды сақтай отырып, электр скутерлерге жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шеті бойынша жүруіне жол беріледі.

Сонымен қатар, заңға сәйкес электр скутерлері велосипед жолдары мен жол жиектерімен 25 км/сағ аспайтын жылдамдықпен және тротуарлар бойынша жаяу жүргіншілер ағынының жылдамдығымен сағатына 6 км-ден аспайтын жылдамдықпен шектеусіз жүре алады.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР