2024-11-24 00:22:30
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ІІМ басшысы Шымкент тұрғындарымен кездесті

ІІМ басшысы Марат Ахметжанов шымкенттік тұрғындармен және қала белсенділерімен кездесті.

ІІМ басшысы Шымкент тұрғындарымен кездесті

Бірінші кезекте министр өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы басталғанын атап өтті. Конституциялық реформа, жалпыхалықтық референдум, Президент пен Парламент депутаттарын сайлау өткізілді. Осылайша мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа моделі қалыптасты.

Реформалар аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жүйесін қалыптастыру қажет. Президент қойған басты міндет – “еңбек адамдарын”, яғни олардың өмірі мен денсаулықтарын қорғау, мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың сұранысын қанағаттандыру үшін жағдай жасау.

Кездесуде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елдегі қылмыс деңгейі жыл басынан бері 19%-ға, Шымкентте 37%-ға төмендегені атап өтілді.

Марат Ахметжанов жұртшылықты толғандыратын негізгі тақырыптарға тоқталды. Ол мегаполистегі қылмыстық жағдай туралы хабарлады. Жыл басынан бері қалада 872 ұрлық жасалғанын, оның ішінде 101-і пәтер ұрлығы екенін атап өтті.

5 айда Шымкентте 316 киберқылмыс жасалған. 25,5 кг есірткі және 6,5 кг “синтетика” тәркіленді. Бұл 9 мың адамға шаққандағы дозаға тең.

Ведомство басшысы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ал залда өз сауалдарын қоя алмағандарды еліміздің бас полицейі жеке қабылдады. Ол қаралған барлық істі өз бақылауына алды.

Ұзын-сонар кезекке тұрған азаматтарды Шымкентке елордадан арнайы келген министрліктің қызмет басшылары да қабылдады.

Жұмыс сапары барысында министр жергілікті БАҚ өкілдерімен сұхбаттасып, журналистерді толғандырған сауалдарға жауап берді.

Соңында полиция ведомствосының басшысы Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құрамымен кездесіп, құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер туралы айтты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР