2024-11-24 04:05:35
-0.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Шымкент жастар лигасы» мәресіне жетіп, чемпион командаларға 4 шағын автобус табыс етілді

«Шымкент жастар лигасы» мәресіне жетіп, чемпион командаларға 4 шағын автобус табыс етілді

Үшінші мегаполисте мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» турнирі мәресіне жетті. Осымен үшінші рет ұйымдастырылған жарыста шымкенттік оқушылар спорттың 4 түрі бойынша, атап айтқанда, футбол, баскетбол, волейбол және шахматтан өзара бақ сынасып, үздіктерді анықтады.

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жарыстың жүлде қоры 80 миллион теңгені құрайды. Атап айтқанда, лигада әр спорт түрі бойынша чемпион атанған командаларға әрқайсысының құны 20 миллион теңгені құрайтын 4 шағын автобус табыс етілді. Шағын автобустар Шымкент қаласындағы ірі компаниялар мен кәсіпкерлердің демеушілігі арқылы алынған.

Турнирдің финалдық ойындары Шымкенттегі реконструкциядан өтіп, қайта жаңартылған «Металлург» стадионында өтті. Ойындардан кейін турнирдің салтанатты жабылу рәсімі ұйымдастырылып, онда жүзден жүйрік атанған жүлдегер және жеңімпаз командалар марапатталды. Марапаттау рәсімінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сөз сөйлеп, жас спортшыларды жеңістерімен құттықтады.

«Шымкент жастар лигасы» мәресіне жетіп, чемпион командаларға 4 шағын автобус табыс етілді

—Біз дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Шымкент жастар лигасы» турнирінің жабылу салтанатында кездесіп отырмыз. Жарыстың барша қатысушыларын, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймын! Сіздер жеңіс тұғырына көтерілу үшін қанашама уақыт жаттығу жасап, табанды түрде еңбек етіп, тер төктіңіздер. Бұл жеңіс – сол табандылық пен еселі еңбектің жемісі. Тек жарыс жолында ғана емес, үлкен өмірде де әрқашан жеңімпаз атанып, еліміздің үмітін ақтайтын азамат болып өсе беріңіздер, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімі турнирдің финалдық ойындары реконструкциядан өтіп, қайта жаңғырған «Металлург» стадионында өтіп жатқанына ерекше тоқталып, Шымкенттің талай жылдық тарихына куә болған бұл стадионның енді заманауи талаптарға сай етіп қайта жаңартылғанын атап өтті. Оның айтуынша, осының өзі мемлекеттің жастардың спортпен алаңсыз айналысуына қолайлы жағдай жасап жатқанын көрсетеді.

Нәтижесінде, «Шымкент жастар лигасында» шахмат бойынша — Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейдің, волейбол бойынша — А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияның , баскетбол бойынша – М.Х.Дулати атындағы №8 гимназияның, ал, футбол бойынша — Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның командалары лиганың чемпионы атанды.

«Шымкент жастар лигасы» мәресіне жетіп, чемпион командаларға 4 шағын автобус табыс етілді

Турнир аясында спорттық бәсекелермен қатар мектеп оқушыларынан құралған фан-клуб командалары арасында да сайыс ұйымдастырылған болатын. Жарыстың салтанатты рәсімінде осы сайыста үздік атанған мектеп командалары да марапатталды.

Жеңімпаздарды Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы маслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов және турнирдің демеушілері мен қаламыздың танымал спортшылары марапаттады.

Айта кетейік, жарысқа Шымкенттегі 151 орта мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР