2024-04-30 07:48:11
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті бірыңғай қабылдауын өткізді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті бірыңғай қабылдауын өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті бірыңғай қабылдауға қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов, қала прокуроры Ғ.Мұқанов және қалалық полиция департаментінің бастығы Қ.Дәлбеков те қатысып, тұрғындардың талап тілектерін тыңдады. Сонымен қатар бірыңғай қабылдауға қала әкімдігінің салалық басқармаларының басшылары мен қаладағы аудандардың әкімдері қатысты.

Қабылдауға келген тұрғындар жер телімдерін заңдастыру, жер телімдерінің нысаналы мақсатын ауыстыру, тұрғын үй алу және оған кезекке тұру, жұмысқа орналасу секілді мәселелерді жиі қозғады. Барлық мәселелерді заң шеңберінде шешудің жолдары қарастырылып, азаматтарға құқықтық кеңестер берілді.

Сонымен қатар кейбір тұрғындар бизнес бастауға жеңілдетілген несие немесе грант алу мүмкіндігі туралы білгісі келсе, енді біреулер өздері тұрып жатқан шалғай шағын ауданға сапалы электр қуаты мен табиғи газдың қашан келетінін, жолдар қашан салынатынын сұрауға келген. Тиісті сала мамандары өз кәсібін бастауға ниетті азаматтарға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіліп жатқанын және инженерлік-инфрақұрылым желілерін жүргізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да түсіндіріп берді. Бірыңғай қабылдау кезінде қозғалған барлық мәселелер хаттамаға енгізіліп, олардың уақтылы орындалуы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тікелей бақылауында болады.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті бірыңғай қабылдауын өткізді

Айта кетейік, қала әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша бірыңғай қабылдауы әр айдың алғашқы сәрсенбісінде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР