Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 7 ақпанда Алматы уақытымен 8 сағат 46 мин 17 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Citynews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты -11.2. MPV магнитудасы — 4,7. Тереңдігі — 15 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.