Шымкент қаласында түнгі жарықтандыру жұмыстары жоспарға сай кезең-кезеңімен атқарылуда.
Қала бойынша әлеуметтік маңызы бар 747 көше бар. Соның 324-і толықтай жарықтандырылды.
Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 102 көшені жарықтандыру қажет болса, соның 41-іне жарық тартылды.
Жарықтандыру көлемін жыл соңына дейін 43%-дан 57%-ға дейін жеткізу жоспарланған.
2025 жылы бұл көрсеткіш 75 пайызға жеткізілетін болады.