2024-04-30 15:59:32
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалуда

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалуда

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшылығының төрағалығымен медициналық нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі туралы мәселесі қаралды.

Қаладағы медицина ұйымдары бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудың əлеуметтік саясатын жетілдіру жəне оларға əлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарының кедергісіз қолжетімділігін қалыптастыру мақсатында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестендіру ұсынылған.

Осылардың барлығын негізге ала келе, қалалық денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы мониторингтік топ құрылып, жыл басынан бері емдеу мекемелеріндегі жағдайға тексеру жүргізілді. Мониторинг топ құрамында басқарма мамандары мен мүгедектер қоғамдық бірлестіктері өкілдері де бар.

Мониторинг барысында бірқатар ғимараттардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жөніндегі нормаларға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Ескертулер беріліп, монтиорингтік топ тізімдемесіне енгізілді.

Анықталған кемшіліктер бойынша денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы аясында емдеу мекемелері тарапынан пандус, жүру жолдары мен жеделсаты, тұрақ орындары, орнатылды.

Кейбір күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған медициналық ұйымдарда қалалық мүгедектер қоғамы атынан ұсынымдар беріліп, талапқа сәйкестендіру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда шаһар аумағындағы медициналық нысандарда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді жағдайлар қарастырылған,-деді басқарма басшысы, Нұрлыбек Абибуллаұлы.

Бұл туралы, басқарма қызметкерлері мен медициналық ұйым басшылары қатысқан, “медициналық ұйымдарда, ерекше жандарға жағдай жасау” туралы өткен жиында баяндалды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР