2024-11-24 21:00:34
3.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мәслихаттың кезекті ХХІІ сессиясы өтті

Мәслихаттың кезекті ХХІІ сессиясы өтті

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХІІ сессиясы өтті.

Күн тәртібінде Шымкент қаласының 2022-2024 жылға арналған қала бюджеті нақтыланып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылданды. Сонымен қатар қалада тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалып, бірқатар мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар ендірілді.

Сессияда шаһар басшысы әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң өсімдерді айтып өтті.

Мәселен, макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша 10 айда өнеркәсіп өнім көлемінің индексі 6 пайызға, инвестиция көлемі 18 пайызға, құрылыс жұмыстары 39 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 26 пайызға, бөлшек сауда көлемі 12 пайызға артқан.

Бүгінгі таңда қала экономикасына салынған инвестиция көлемі тұрақты өсім динамикасын көрсетуде.

“Соңғы 4 жыл ішінде қалаға 1,5 трлн.теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы 5 жылда 6 трлн.теңгеге жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл бағытта нақты жоспарымыз бар, инвесторларға барлық жағдай жасау біздің басты мақсатымыз”,-деді қала әкімі.

Осы және өзге де жетістіктерді хабардар еткен Мұрат Дүйсенбекұлы жиын қорытындысында саяси науқанда белсенділік танытқан халық қалаулыларына алғыс білдірді.

— Құрметті депутаттар, құрметті жиынға қатысушылар сіздермен бірлесіп қала өмірінің түрлі саласына қатысты мәселелер қаралып, өз шешімдерін тапты. Қазіргі таңда қала экономикасы айтарлықтай дамыған, оның ішінде өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және құрылыс салалары, көлік инфрақұрылымы тұрақты өсіп келеді. Осы ретте әрқашан белсенді атсалысып, қолдау көрсеткендеріңізге алғысымды білдіремін. Мемлекет Басшысы алдымыздағы мақсатты айқын, бағыт бағдарымызды нақты белгілеп берді. Алдымызда атқарылатын жұмыстар көп,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР