2024-05-01 00:59:27
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Келешегі мол колледж

Келешегі мол колледж
«Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі» МҚКҚ – «Инновациялық дамудың қажеттілігі мен міндеттеріне сай, өңірдің өзгерген, әлеуметтік-экономикалық жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіби машықтанған білім ордасы.
Колледж ИДЖ – негізінде Дүниежүзілік банк жариялаған конкурста «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша грант иеленген. Аталған білім ордасы облыс деңгейінде «Сән технологиясы» бойынша құзыреттілік орталығы болып саналады. Дәстүрлі өткізілетін «Үздік шебер» байқауында арнайы пән оқытушылары жыл сайын жүлделі І орыннан көрінуде.
Білім ошағында тәлім алушылардың саны – 1570. Оның ішінде 1494-ті мемлекеттік грант иегері, 76-сы ақылы бөлімде оқиды. Сондай-ақ, облыстық деңгейде өткізілетін «WorldSkills Turkestan», республикалық «WorldSkills Kazakstan» чемпионаттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді.
Осы жылдың мамыр айында «Сән технологиясы» құзыреттілігі аясында Тараз қаласында өткен халықаралық «Нео – фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің ұлттық байқауына қатысып, жекелеген стиль түрлері бойынша марапатқа ие болды.
«Жас маман» жобасы аясында «IT» және «Қол өнер» мамандықтары бойынша республикалық деңгейдегі құзыреттілік орталықтар болып саналады. Жоба шеңберінде «3 D модельдеу және протиптеу», «Кибернетика, робототехника», «Бағдарламалық инженерия және Biq Data талдау» сияқты бірнеше кабинет-зертханалар ашылды.
Дуальды оқыту жүйесі арқылы білім алушылар өңірдегі озық мектептер мен балабақшаларда, өнеркәсіп орындарында тәжірибелерін шыңдауда.
Ал, колледж педагогтері болса, білім сапасын арттыру мақсатында Түркия, Сингапур, Малайзия, Германия, Белоруссия сияқты елдердің оқу үдерісіндегі жаңашылдықтарды үйреніп, тәжірибе алмасуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР