2024-11-24 05:51:39
-0.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Сенаторлар Шымкентте Конституциялық заңнама жүйесін талқылады

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам.» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру мақсатында Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Шымкент қаласында көшпелі отырыс өткізді. Депутаттар құрамында ҚР Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі  комитеттің төрағасы Волков Владимир , комитет хатшысы Сафинов Қанатбек және комитет мүшелері Арғынбекова Айнұр, Бекназаров Нұрлан, Медебаев Советбек пен Сүлеймен Ләззат және Толамисов Амангелді бар. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылау іс-шараның басты тақырыбы болды.

Комитет төрағасы Владимир Волков отырысты аша келіп, заңнаманы жақсарту мәселелері еліміздің азаматтарының конституциялық құқықтарына тікелей қатысты екенін атап өтті.

Еліміздің Бас прокурорының орынбасары Әсет Чиндалиев өз кезегінде Бас прокуратураның қылмыстық заңнаманы оңтайландыру жөнінде жүргізген жұмысының қорытындысы мен қылмыстық-процестік және қылмыстық атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша әзірленген заң жобасы туралы депутаттарға баяндап берді. Сондай-ақ Ә.Чиндалиев қылмыстық істер бүгінгі таңда елімізде 90 пайызға электронды форматта жүргізілетінін жеткізді. Бұл құқық қорғау органдарының жұмысын анағұрлым жеңілдете түсті.

Жиында сөз алған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жергілікті әкімдіктің күштік құрылымдармен тығыз байланыста жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заң шығару қызметінің сапасын арттыру жөнінде біраз тапсырма берген еді. Шымкентке жасаған іс-сапарында да осы тұрғыда қалалық әкімдікке бірнеше міндеттемелер жүктеді. Сондықтан Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау негізінде мегаполисте кешенді жоспар қабылданып, бүгінгі таңда ол лайықты іске асырылуда. Мәселен, өңірлік жедел штаб құрылды. Полицияның сервистік моделі жұмыс істеп жатыр деді ол.

Жиында сонымен бірге Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған тапсырмасына сәйкес ұлттық байлықты ұрлаған тұлғаларды іздестіру және Қазақстанның қазынасын елге қайтару бойынша қызу жұмыс жүріп жатқаны баяндалды.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР