2024-11-24 03:50:00
-0.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Балалар шығармашылығын қолдаған «Қайырымдылық керуені»

Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығында Республика күніне орай «Қайырымдылық керуені» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумы мен гала-концерті  өтті.

Аталған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Форум жыл сайын балалар шығармашылығын дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың жетістіктерін паш ету, тұлға ретінде қалыптастыру және қазіргі қоғамға, әлеуметтік ортаға бейімдету мақсатында қолға алынады.

Жиында тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру, есту қабілеті нашар және түрлі жанрларда шығармашылықпен айналысатын балалар (аспаптық музыка, халықтық, академиялық, эстрадалық жеке ән айту, авторлық ән, поэзия, көркем сөз, ерекше жанр, пантомима, хореография, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер) мен балалар ұжымдары өнер көрсетті.

Сонымен бірге форум Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі №1014 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 8.1 тармағын іске асыру мақсатында және балалар жылы шеңберінде ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен өтіп жатқан игі шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығын қолдау арқылы жас буынды дамыту мен тәрбиелеуді көздейді. Халқымыздың «Кең болсаң – кем болмайсың» дейтін  нақыл сөзін бойына сіңірген этнобірлестіктер қайырымдылық көрсетуді өздеріне азаматтық парыз деп біліп, мұқтаж  жандарға әрдайым  қол ұшын созып келеді. Қайырымдылық сынды қасиетті құндылықты дәріптеуді  көздеген «Қайырымдылық керуені» форумы – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің басты факторы ретінде қоғамда мейірімділік пен өзара риясыз көмек жасауға  ықпалдасуды  абыроймен атқарып келеді. «Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес» – деген қанатты сөзбен бүгінгі форумға атсалысқандарға шынайы алғыс айтамын! Ел игілігі жолындағы жұмыстарыңызға табыс, отбасыларығызға бақ-береке, амандық тілеймін! деді  Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы М.Шотанов,

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР