2024-11-24 08:59:15
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жылу жүйесі реформаланады

Шымкент қаласындағы «3-Энергоорталық» АҚ-ның бекітілген инвестициялық бағдарламасын іске асыру алдағы жылыту маусымында қаланы сапалы және үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Таяуда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «3-Энергоорталық» АҚ-мен бірлесе инвестбағдарламаның орындалуы бойынша баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шарада мекеменің бас инженері Жансерік ЕРБОТАЕВ БАҚ өкілдеріне жыл басынан бері жүзеге асқан жұмыстарды қорытындылап, жұмыс барысымен таныстырды.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Шымкент қаласы әкімдігінің бірлескен бұйрығымен 2022-2026 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру қызметі бойынша инвестициялық бағдарлама қабылданып, бекітілген болатын. Бағдарламаның жалпы сомасы – 971,9 млн теңге. Оның ішінде, 2022 жылға бағытталған қаржы көлемі – 188,3 млн теңге. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру көздері – амортизациялық аударымдар мен пайдадан түскен табыстар.

«3-Энергоорталық» АҚ негізгі және қосалқы жабдықтарды қайта құрылымдау және жаңғырту, негізгі жабдықтарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, негізгі құралдарды сатып алуға бағытталған іс-шараларды тұрақты іске асырып келеді.
Баспасөз-турында станция жабдықтарын жаңғырту және жөндеу бойынша бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы таныстырылды. Іс-шара тұтынушыларға жылу энергиясының тарифіне салынған қаражат неге бағытталатыны, салынған қаражаттан қандай оң нәтижелерге қол жеткізілетіні, олардың көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен сапасына қалай әсер ететіні туралы ақпарат беруді мақсат еткен. Яғни, инвестициялық қаржы қайда жұмсалды, қандай тапсырмаларды шешуге бағытталды, қандай нәтижелерге қол жеткізгені туралы тұтынушыларды хабардар ету. Бұған дейін 2016-2021 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама бекітіліп, іске асырылған болатын. Бұған дейінгі бес жылдық жоба аясында жылу жүйесінде қондырғыларды жаңарту және жөндеу жұмыстары атқарылды.

«3-Энергоорталық» АҚ – жылу және электр энергиясын аралас өндіретін энергия көзі. Негізгі отын – табиғи газ. Жылу энергиясын тұтынушы – «Қуатжылуорталық-3» МКК. Компанияға Шымкент қаласында орналасқан 3-ЖЭО жылу электр станциясының кешені тиесілі. Кәсіпорын жылына орта есеппен 700 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Қазіргі нарықтың талабы – өндірісті алға жылжыту, жаңа технологияларды көбірек енгізу. «3-Энергоорталық» АҚ – жылу және электр энергиясын аралас өндіретін энергия көзі. Негізгі отын – табиғи газ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР