2024-11-24 09:09:43
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қаратау ауданының 91,6% сапалы ауыз сумен қамтылған

Қаратау ауданында шаһар басшысының тұрғындармен кезекті есепті кездесуі өтті. Жиын барысында аудан әкімі Рахымберді Мулкеманов аудан көлеміндегі сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарына кеңінен тоқталды.

Былтырғы жылы сапалы ауыз сумен қамту бойынша “Көмешбұлақ”, “Асар”, “Шымсити”-ден “Достыққа” дейінгі әлеуметтік нысандар бойынша 3, кестемен “Нұртас” елді мекеніне 1, тасымалмен “Тұран”, “Асар-2” елді мекендеріне 2, жалпы саны 6  магистралды жобаның құрылысы аяқталып тапсырылған болатын.

Биыл “Нұртас су жинақтағыш” әлеуметтік нысаны бойынша 3 елді мекенде атап айтқанда,“ Қайнарбұлақ”, “Сайрам”  және “Жаңақұрылыс” аумағындағы “Ақтас-2”-де  құрылыс қарқынды жүргізілуде, жыл соңына дейін 1-еуі тапсырылса, 2 жоба жаңа жылға өтпелі.

2023 жылдың соңына дейін 5 нысанның құрылысы жүргізіледі.

Бүгінгі таңда Қаратау ауданының 91,6 %- сапалы ауыз суды тұтынады. 2023 жыл соңына қарай, аталған нысандардағы құрылыс жұмыстары толық аяқталса, жергілікті халық сапалы ауыз сумен 100% қамтылады”-деді аудан әкімі.

Енді Шымкент қаласының жалпы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне келсек, инженерлік инфрақұрылым бойынша биыл ауыз сумен қамту деңгейі 99 пайызға, кәріз жүйесі 60 пайызға, электр қуаты 99 пайызға, табиға газ 94.7 пайызға жеткізілді. Электр энергиясы мен ауыз су келесі жылы жүз пайыздық межені бағындырса, табиғи газбен қаланы толық қамту 2025 жылға қарай жоспарланып отыр. Сондай-ақ алдағы 3 жылда мегаполистегі кәріз жүйесі 75 пайызды құрайтын болады. Қала көшелерін жарықтандыру жұмыстарына тоқталсақ, өткен жылы ол 43 пайыздан асса, биыл 57 пайызға дейін артады. 1758 шақырымды құрайтын әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылды. Бүгінгі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 102 көшеге жарық тартылып жатыр. 2025 жылға қарай бұл межені 75 пайызға жеткізу жоспарда тұр.

Сонымен бірге мегаполисте 95 пайызға автобустар паркі жаңартылды. Қоғамдық көліктерге карточкалық жаңаТөлем жүйесі енгізілді. Осыдан төрт жыл бұрын жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары 98 шақырымда жүргізілсе, қазір ол 351 шақырымға өсті. 2 жолайрық құрылысы салынып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР