2024-04-30 17:12:18
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандық зияткерлердің жобалары үздік деп танылды

Түркістандық зияткерлердің жобалары үздік деп танылды

Еліміздегі барлық Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында желілік ғылыми жобалар байқауы өтті. Алматы қаласында өткен Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында ұйымдастырылған желілік ғылыми жобалар сайысына қатысқан түркістандық зияткерлер үздіктердің қатарынан орын алды. Аталған сайыс 3 бағыт бойынша бірнеше секцияларда оқушылар өз жобаларын ұсынды. Атап айтсақ:

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ғылыми жобалар арасынан қазақ тілі секциясы бойынша 10 А сынып оқушысы Саломат Матанова «Қазақ тіліндегі подкасттардың тілдік ерекшеліктерін зерттеу» жобасы жүлделі ІІІ орын иеленді. Саломаттың айтуынша зерттеудің мақсаты подкасттардың қазақша контенттегі және тіл ғылымындағы рөлін айқындау.  Сонымен қатар, заманауи контенттің танымдық деңгейін кеңейту. Өз сөзінде:

Тілдің қолданыс аясын кеңейту мен тіл мәдениетінің сақталуында елеулі рөл атқаратын, қазақ тілді ақпараттық ресурстар мен қазақша контентке баса назар аударуымыз қажет. Дей тұрғанмен, қазақ тілінің ғаламтордағы рөлі бұл тұрғыда әлі жеткілікті деңгейде дамымаған, себебі, қазақ тілінде жасалып жатқан, тілдің дамуына белгілі бір деңгейде, өзіндік үлесін қосатын медиаконтенттің зерттелмей, тек мақалалар мен баспасөз беттерінде шығуымен шектеліп отыр. Осы себептер негізінде, олардың тілдің дамуындағы алатын орны көмескіленіп келеді. Сондықтан подкасттарды тілдік ерекшеліктер тұрғысынан зерттеу жұмыстың өзектілігі болып саналады,-деп өз жобасының маңызын түсіндірді.

Ал этномәдениеттану секциясы бойынша 10 В сынып оқушысы Балауса Ілестің жобасы ІІ орын иеленді.

Ел мен елдің бірлігі және мәдениет пен тарих,тіл білімі саласында ерен еңбек еткен,екі ел арасында алтын көпір бола білген ол-Иштван Қоңыр Мандоки.48 жылдық саналы ғұмырында артында мол мұра қалдырған Еуропалық қыпшақтың еңбектерін,оның кім екенін білетін жандар кем декем.Ал қазіргі таңда қазақ халқының мәдениетін,тілін,тарихын зерттейтін шетел ғалымдары жоқтың қасы, деп тақырыптың өзектілігін айқындады.

Сонымен қатар, «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны» бағыты, физика секциясы бойынша ІІ орын иеленген 9 А сынып оқушылары Даниял Ізбасхан мен Мансұр Тұрарбектің «Жер сілкінісінен қорғану тәсілдері» жобасының зерттеу мақсаты Алматы қаласында өзекті проблемаға айналған жер сілкінісінен қорғану мақсатында aрнaйы тeхнoлoгиялaр aрқылы Aлмaтыдағы үй-ғимaрaттaрды ceйcмoбeрiк қылып жacay  Зияткерлер өз сөзінде сeйcмo-aмoртизaтoр ceйcмoқұрылыc oбъeктiлeр iшiндeгi экoнoмикaлық жәнe бeрiктiк тұрғыcынaн eң тиiмдici бoлып тaбылды. Бacқa ceйcмo-oбъeктiлeр экoнoмикaлық тұрғыcынaн тиiмciз eкeнін анықтап зерттеу жаңалылығын түсіндірді:

Аталған ғылыми жоба жeр ciлкiнiciнeн қoрғaнy тeхнoлoгияcын тoлығымeн зeрттeп, aқпaрaттaрды өңдeп, тaныcып қaнa қoймaй өз жaғдaйымыздa экcпeримeнттeр жүргiзiп зeрттeдiк. Жoбaның өзeктiлi, яғни Aлмaты қaлacының жaңaдaн caлынaтын ғимaрaттaр мeн жeкe ныcaндaрғa ocы тeхнoлoгиялaрды ұcынy бoлып тaбылaды.

Ал 8 D сынып оқушысы Назерке Амидулланың өзiмiздiн өндірісті дамыту үшін сойылган мал терілерін өңдеп, одан пайда табуға болатынын зерттеп, көрсететін «Мал терісінің проблемаларын табысты бизнеске айналдыру жолдары» жобасы жүлделі ІІ орынды иеленді. Назерке Амидулла жобаның өзектілігін айқындап өтті:

Қазақстанда былғары және терi өндiрiсiнiн шикізат қоры жеткілікті. Сондықтан бұл өндіріс түрлерін дамытудын ел экономикасын нығайтудағы манызы зор. Былғары және тері өндірісінің шикізаты шет елдерге көптеп шығарылуда, ал оны елiмiзге дайын өнім күйінде кымбат бағаға сатады. Сондыктан сол шикiзатты өз елiмiзде өндеп, бәсекелестігі жоғары деңгейдегі дайын өнім шығару қазіргі заманның талабы болып тұр. Үстіміздегі киіміміз, тұтынып отырған өніміміз, аяғымыздағы етiгiмiз де шетелдікі. Әрбір азамат колжетімді бағамен отандық өнімді тұтынатын болсак, еліміздің дамуына үлес қосар едi деп дабыл қағамыз,- деп отандық өнімді тұтыну ғылыми жобаның басты өзектілігі екенін түсіндірді.

Барлық  NIS желісінде өткен ғылыми жобалар байқауында 120-ға жуық дарынды зияткерлердің жобалары ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР