2024-09-21 20:36:15
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жұмыс берушілер күні

Жұмыс берушілер күні

Бүгін №18 колледжде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 15 қараша «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтті.

Мақсаты — экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату.

Жиынға қатысқандар:

«Шамиль-2000» ЖШС директоры Аманқұл Халит Әбжанұлы,

«Строй Жол Сервис KZ» ЖШС төрағасы Әбілқасым Мақсат Шалдарбекұлы,

«Шұбар» ӨК төрағасы Оспанов Амангелді Дұрысбекұлы,

«Ақ Орда-Б» ЖШС төрағасы Бекбосынов Бақытжан Балтабайұлы,

Шұбар ауыл округі әкімі Ардак Талдыбаев,

«Өтелбай Т. Т» ЖК төрағасы Абылай Жөргенбай,

Түркістан облысы «АТАМЕКЕН» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Ордабасы ауданы филиал директоры Бердимуратов Сейдахмет Бақдаулетұлы,

Ордабасы ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы КММ нің директоры Абитаева Карлыга Уалхановна,

№18 колледж директорының м.у.а Жандос Акторе,

Ордабасы Жастар Ресурстық Орталығы КММ нің қызметкерлері,

«Ордабасы оттары» аудандық газет тілшісі жиынға қатысты.

Бағдарлама бойынша келген қонақтарды күтіп алу, тіркеу, колледж базасымен таныстыру және жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында екі жақты меморандум мен келісімдерге қол қойылып жергілікті атқарушы органдардың, министр А.Аймағамбетовтың алғыс хаттарымен үздік жұмыс берушілер марапатталды.

Сөз соңында кәсіпкерлер Бахытжан Бекбосын, Аманқұл Халит қиындығымен қызығы мол ұстаздық жолындағы колледж ұжымына алғыс айтып, білікті маман даярлауға сәттілік тілеп, ары қарай жұмыстары жандануына тілектестік білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР