2024-11-25 10:19:29
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте 48 азамат тұрғын үй сертификатына ие болды

Шымкентте 48 азамат тұрғын үй сертификатына ие болды

Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаты бойынша 48 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде толық емес отбасылар,көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйым және мемлекеттік қызметшілер бар.

Айта кету керек, Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы », «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн. (бір миллион) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.

Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар сондай ақ Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер жатады.

Айта кеткен жөн, Шымкент қаласы бойынша  тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастады. 2019 жылы 21 азаматқа 20,4 млн.теңгеге, 2020 жылы 101 азаматқа  100 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаттары  табысталды. 2021 жылы 416  отбасыға  370 млн. теңгеге берілген.

Бұл құжат заңнамада белгіленгендей айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспаған (2022 жылға-37 389 теңге) және соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 115 905 теңге болған жағдайда ұсынылады.

Сонымен бірге тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 2022 жылдың 13 шілдесінен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет ретінде www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы автоматтандырылған.

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде бүгінгі таңда 49 840 азамат тіркелген.  Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша — 1 874, көпбалалы отбасылар – 10 358, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 260, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 20 322, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 26 адамды құрайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР