2024-04-30 22:21:39
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Төрт күн ішінде мәселеңіз шешіледі

Төрт күн ішінде мәселеңіз шешіледі

Шымкент қаласы №129 мектеп ғимаратында «Заң керуені» акциясы ұйымдастырылды. Оған Әл-Фараби ауданының «Сәуле»,«Текесу»,«Береке»,«Химфрам»,«Көркем» және «Ақтас» шағынаудандарының тұрғындары қатысып жатыр.

Заң керуенінің құрамында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Марат, Әл-Фараби ауданының прокуроры Қантөре Хандиллаев, аудан әкімі Рашид Мыңбаев және 34 жергілікті атқару органының өкілдері бар.

–«Заң керуені» акциясы 1 қарашадан ҚР Бас Прокурорының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде басталды. Аты айтып тұрғандай бүгіннен бастап көшпелі топ қаладағы елді мекендерді аралап, тұрғындарға құқықтық, заңгерлік кеңес береді. Одан бөлек қала прокуроры мен орынбасарлары күнделікті белгіленген кестеге сай тұрғындарды қабылдап жатырмыз. Бүгінгі іс-шараның ерекшелігі тұрғындарға кеңес беруге қаладағы барлық мекеме бір жерге жұмылуында болып отыр, — деді қала прокурорының орынбасары Ержан Маратұлы.

Бүгінгі акцияға 100-ден аса тұрғын келген. Олар инфарқұрылым, жерді заңдастыру, қоғамдық көлік, әлеуметтік төлемдер секілді мәселелердің шешімі жөнінде тиісті мамандардан кеңес алды. Акция 4 қарашаға дейін жалғасады. Кездесуде тұрғындарға мемлекеттік қызметтер, әлеуметтік көмектер, жәрдемақылар мен жеңілдіктерді алу, мүлікті тіркеу, мұрағаттық анықтамалар беру, салықтарды есептеудің дұрыстығы және т.б. өзекті мәселелердің шешімі бойынша сала мамандарынан заңнама шеңберінде тиісті кеңестер мен жауаптар беріледі.

Сонымен қатар Шымкент қаласының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы тұрақты түрде жұмыс істейді. Ол жерге кез келген азамат барып, кезекші прокурорға өзінің сұрағын қойып талаптары мен арыздарын жеткізе алады. Сонымен қатар қала прокуроры, прокурордың орынбасарлары мен басқарма бастықтары азаматтарды қабылдауға дайын.

«Заң керуені» акциясы – тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік. Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын белсенділік танытып, республикалық акцияға қатысуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР