“NUR OTAN” партиясынан түскен аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерболат Мырзабеков пен Айтбеков Нұрғали Мәметұлы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қызу жалғастыруда. ⠀
⠀
Депутаттыққа үміткерлер Қазата, Таңатар ауылы тұрғындарымен кездесіп, халлыққа партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтарымен таныстырды. Таңатар елді мекеніндегі газ кіргізу, спорттық кешенін салу және басқа да шешуін таппай жатқан түйіткілді мәселелерімен танысып, ұсыныс-тілектерін тыңдап, тізімін жасады. Алдағы уақытта бұл мәселелердің шешімін табуына ықпалын тигізетіндерін айтты.
⠀
Кездесу соңында тұрғындар толық, бірауыздан “NUR Otan” партиясын қолдап, дауыс беруге баратындықтарын уәде берді.⠀
Аудан бойынша 52 елді мекеннің 4 елді мекені газбен толық қамтамасыз етілді. 16 елді мекенде газ жүйелерінің құрылыстары аяқталса, 1 елді мекеннің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылға дейін табиғи газбен қамтамасыз ету үлесін 2021 жылы 44,2%-дан 88.5%-ға арттыру көзделді. ⠀
⠀
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2023 жылы Қазатаға, 2025 жылы Таңатар елді мекендеріне табиғи газбен қамтамасыз етуге ықпал жасауға уәде берді.
Біздің мақсат – әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру.⠀
«Nur Otan» партиясы Бәйдібек ауданы
Сайлау қорының қаражатынан төленді.