2024-11-24 05:31:29
-0.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Президент Жолдауы бойынша фракция мәжілісі өтті

Президент Жолдауы бойынша фракция мәжілісі өтті

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Жиынға фракция мүшелері, партия филиалы жанындағы агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Қайрат Имашев, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров қатысты.

Фракция жетекшісі Төлеген Бекайдаров жүргізіп отырған жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттау бойынша әңгіме өрбітіп, басым бағыттар бойынша пікір алмасты.

– Биылғы Жолдау Президент бастаған саяси жаңғыру процесінің экономикалық өзгерістермен жалғасатынын көрсетіп отыр. Саяси-құқықтық трансформация халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған нақты іс-шаралармен жалғаспақ. Бұл мемлекеттің дамуы үшін қажет өзгерістердің кешенді түрде және кезең-кезеңімен қолға алынып жатқанын айқындайды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында қарапайым халықты толғандырған нарықтық тұрақсыздық, бағаның өсуі, құрылыс және аграрлық секторларды дамыту, жерді игеру, салық  мәселелері, ұлт денсаулығын сақтау жолындағы бастамалар мен тың реформаларды жүзеге асырудың қажеттігіне баса назар аударды, – деді Бекайдар Мұсаұлы.

Жиында, сондай ақ, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың басқармада 9 айда атқарылған жұмыс туралы есебі тыңдалды.

Айта кетейік, ҚР Президентінің Жолдауы аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі жастарымен «New public management» тақырыбында кездесу өтті.

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қалалық мәслихат депутаты Бақыт Қыдырбаев Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып, оны іске асыру мәселелерін талқылады.

Спикерлер жаңа экономикалық саясат, жастар кәсіпкерлігін дамыту, әлеуметтік саланың әлеуетін көтеру, адами капиталды дамыту, саяси реформаларды жан-жақты түсіндіріп берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР