2024-11-24 11:58:53
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мегаполис жүз пайыз ауыз су мен электр энергиясымен қамтылады

Мегаполис жүз пайыз ауыз су мен электр энергиясымен қамтылады

Шымкент қаласының жалпы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне келсек, инженерлік инфрақұрылым бойынша биыл ауыз сумен қамту деңгейі 99 пайызға, кәріз жүйесі 60 пайызға, электр қуаты 99 пайызға, табиға газ 94.7 пайызға жеткізілді.

Электр энергиясы мен ауыз су келесі жылы жүз пайыздық межені бағындырса, табиғи газбен қаланы толық қамту 2025 жылға қарай жоспарланып отыр. Сондай-ақ алдағы 3 жылда мегаполистегі кәріз жүйесі 75 пайызды құрайтын болады. Қала көшелерін жарықтандыру жұмыстарына тоқталсақ, өткен жылы ол 43 пайыздан асса, биыл 57 пайызға дейін артады. 1758 шақырымды құрайтын әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 102 көшеге жарық тартылып жатыр. 2025 жылға қарай бұл межені 75 пайызға жеткізу жоспарда тұр.

Сонымен бірге мегаполисте 95 пайызға автобустар паркі жаңартылды. Қоғамдық көліктерге карточкалық жаңаТөлем жүйесі енгізілді. Осыдан төрт жыл бұрын жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары 98 шақырымда жүргізілсе, қазір ол 351 шақырымға өсті. 2 жолайрық құрылысы салынып жатыр.

Сапалы жолдардың үлесі биыл 67.4 пайыз болса, 2025 жылға қарай 79 пайызды құрамақ. Сондай-ақ алдағы үш жылда шаһарда жолайрықтар саны үшеуге жетіп, 2 танзиттік айналма жол салынады және А-2 автомобиль жолы мен Д.Қонаев даңғылының құрылыс кезеңдері жалғасын табады. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында орнатылған бейнебақылау камераларының жұмысының нәтижесінде қылмыс саны 15.3 пайызға төмендеген.

Биыл қалада 33 мектеп пайдалануға берілді. Бұл білім ошақтарында 13 мыңнан астам бала оқиды. Мектеп құрылыстарының нәтижесінде ұш ауысымды білім ұяларының саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектептер 4-тен 3-ке азайды. Қалада 44 емхана, 4 көпсалалы аурухана бар. Емдеу мекемелерінде 22 компьютерлік томография мен 14 магниттік резонанс томографиясы орнатылған. Емхана, ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту соңғы үш жылда 77.1 пайыздан 79.2 пайызға ұлғайды.

Жалпы бүгінгі таңда мемлекеттік медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен толық қамтылған. Алдағы уақытта мегаполисте 6 емхана салынады. Оның үшеуі Абай ауданынан бой көтереді.

Сонымен бірге сәулелі терапия орталығы ашылады. Және 800 орынды университеттік клиника құрылысы қолға алынып, 200 орынды перинаталдық орталық салынатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР