2021-10-27 18:43:23
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Дұрыс таңдау сіздерден

Дұрыс таңдау сіздерден 1

Апта басында «Nur Otan» партиясынан Бәйдібек аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тұрсынәлі Дүйсенбеков, Гүлдария Шардарбекова мен Алмас Елеусіз және Абзал Әділбеков сайлауалды насихат жұмыстары бойынша №19 Колледжі ұжымымен кездесу өткізді.

Колледж қызметкерлері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, үміткерлердің толыққанды жауабын алды.

Жиында Тұрсынәлі Дүйсенбеков ұстаздарды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарласымен таныстырып, колледж ұжымын алдағы сайлауда бірауыздан «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету — ауданның одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптің білім беру жүйесінің студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшті.

Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.

Дұрыс таңдау сіздерден 3

Біз үшін халықтың шынайы қолдауын сезіну үлкен жетістік! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Еліміздің жарқын болашағы үшін, балаларымыздың қолайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін «Nur Otan»-ды қолдайық.

«Nur Otan» партиясы Бәйдібек ауданы
Сайлау қорының қаражатынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР