2024-04-20 06:41:42
13.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жыл басынан бері шымкент аумағында табиғи өрт тіркелмеген

Жыл басынан бері шымкент аумағында табиғи өрт тіркелмеген
Шымкент қаласы аумағында жыл басынан бері орман және дала өрттері тіркелмеген. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі М.Жақсыбаев айтты.
«Қала аумағында орман-дала өрттерін болдырмау мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 53 шақырым, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 320,2 шақырым, орман алқаптарында 456 шақырым және егістік алқаптарында 320 шақырым жерге минералдық жолақтар салу жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында табиғи өрттер тіркелмеген»,-деді М.Жақсыбаев.
Оның айтуынша, орман-дала өрттерін жедел сөндіру үшін жергілікті атқарушы органдар қала аумағында өрт қауіпті кезеңде 42 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрған, жеке құрамда 405 адам, 69 бірлік бейімделген техника және 14 бірлік мотопомпа бар. Ал, Шымкент қ.ТЖД-да жоғары өтімді 24 бірлік техника және 100 адам жеке құрамы дайындыққа келтірілген екен.
Жалпы қала аумағында 17 мың гектардан астам егістік алқап, 59 шаруа қожалықтары мен жалпы ауданы 5 мың 770 га құрайтын «Жасыл Белдеу» және «Бадам» 2 орман шаруашылығы бар. Қала аумағында жазғы өрт қауіпті кезеңіне байланысты алдын алу іс-шаралары сәуір айының басынан жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР