2024-03-29 06:51:04
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жыл басынан бері 3000-ға жуық азамат қоғамдық жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері 3000-ға жуық азамат қоғамдық жұмыспен қамтылды

Шымкент қаласында жұмыспен қамту қарқынды жүргізілуде. Уақытша жұмысқа орналасқан азаматтардың бірі – Ізет Айтқұл.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған жас маман біраз уақыт жұмыссыз жүрген. 2021 жылдың басында қалалық жұмыспен қамту орталығында «жұмыссыз» мәртебесімен тіркеліп, көп ұзамай «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не қоғамдық көмекші қызметіне жолданды.

– Жұмыссыз жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі бағыттағы бағдарламалар ұсынылып отыр. Еңбек еткісі келетін адамға қай кезде болса да жұмыс табылады. Мен де сол ұстанымды қолдаймын. Уақытша болса да жұмысқа орналасып, табыс тауып жүрмін, – дейді 22 жастағы бағдарлама қатысушысы.

Биыл қоғамдық жұмыспен 2 778 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды. Жоспар артығымен орындалып, уақытша жұмысқа жолдама беру әзірге тоқтатылған.
Уақытша жұмыс орны болып есептелінетін «Қоғамдық жұмыс» алдын-ала кәсіптік даярлауды талап етпейді және әлеуметтік бағытқа ие.

Тұрақты жұмыс тауып, орналасудың жолын ашатын бағдарламалар жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР