2022-07-07 01:46:16
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жасыл желектерді күтіп ұстау тұрақты түрде жүргізіледі

Абай ауданында жыл басынан бері отыз бес мың  тоғыз  жүз жиырма көп жылдық және бір жылдық гүлдер егілді. Негізгі көшелердің бойындағы және аулалардағы жасыл желектерді суғару және қырқу, айналасын тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп отырады.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудан аумағы он бір секторға бөлінген. «Build stroi» ЖШС мердігер мекемесі тарабынан секторларды кестеге сәйкес тазалап отырады.

Негізгі орталық көшелерге күнделікті, көпқабатты тұрғын үй аулаларына аптасына екі реттен тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады. Тазалық жұмыстары аудан әкімінің бақылауына алынып, мамандар тарапынан жүйелі түрде қадағалануда.

Абай ауданы тұрғындары тазалық жұмыстарына қатысты арыз-шағымдары бойынша әкімдіктің 53-03-20 нөміріне немесе бірыңғай тегін 109 Айкөмек орталығына хабарласуына болады.

Шымкент – ортақ үйіміз. Қаланы бірге гүлдендірейік!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР