2021-10-17 06:44:03
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жастарды қолдау — тұрақты дамудың негізі

Жастарды қолдау - тұрақты дамудың негізі 1
Жалпы, тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз жастарды қолдауға басымдық беріп, осы бағытта көптеген шараны жүзеге асырды. Әсіресе, соңғы уақытта ел жастарына көңіл бөлу, оларды барынша жан-жақты қолдау ісі ерекше қарқын алды.
Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспары мен «Жастар бастамаларын қолдау инклюзивті қоғам құру және дамыту» жобаның аясында онлайн (ZOOM) платформасында 10.09.2021г. сағат 10.00 республикалық «Адами құндылықтар — махаббаттың құндылығы» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.
Республикалық конференцияның мақсаты — әр түрлі топтағы жастар мен мүгедектерді тарта отырып, «тең-теңімен» инклюзивті қоғам құру туралы жастар арасында насихат жұмыстарын күшейту.
Тақырыбы өзекті іс-шараға республикамыздың Білім басқармаларының өкілдері,коледждер мен арнайы мектеп интернат қызметкерлері Әдістемелік орталықтың әдіскерлері қатысты. Жалпы 235 қатысты.
«Адами құндылықтар — махаббаттың құндылығы» тақырыбында конференция барысында Рудный қаласындағы арнайы ерекше білім беретін және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат директоры И.Д.Дмитриева, Шымкент қаласының «Асыл-Бал» республикалық бірлестігінің директоры Г.Усенова, Түркістан облысы ПМПК меңгерушісі Ш.Шырынбекова және «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты үйлестіру және өзін — өзі тану» бөлімінің басшысы Утесинова Ж.Б тақырып аясында баяндамалар оқыды. Баяндама барысында адамның әлеуметтенуі мен қоғамға бейімделу мәселелерімен тұлғаның қалыптасу сатысындағы кемшіліктерге, инклюзивті білім берудің негізгі принциптері мен мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтенуіне және бейімделуіне ықпал ету жайлы өзекті мәселелер талқыланды.
Әрине, бұл өте ауқымды тақырып. Дегенмен, қоғамдағы бұл мәселе түбегейлі шешімін табады деп айтпаймыз, бірақ бұл жүзеге асы¬рылған шаралар жас буынды қолдау ісін ілгерілетіп қана қоймай, алдағы уақытта жас ұрпақ¬ты қолдау, көтермелеу тұрғысындағы игі қадамдарға кеңінен жол ашатынына сеніміміз мол.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР