2024-03-28 16:30:17
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«ЖАС ҰЛАН» республикалық мектебінің жеке құрамымен кездесу өтті

«ЖАС ҰЛАН» республикалық мектебінің жеке құрамымен кездесу өтті

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебіне қабылдау жұмыстарын сапалы және жоғары деңгейде өткізу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында кездесу өтті.

Аталмыш шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Жазира Әлжанова, Қаратау ауданындағы А. Сманов мешітінің бас имамы Берік Шотабеков және Шымкент гарнизонының Әскери полиция бөлімінің (сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл жөніндегі) аға офицері капитан Ербол Айтбаев қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – жемқорлықтың алдын алу, ұжымда парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, заңнамаға енгізілген өзгерістерден хабардар ету болды.

Кездесу барысында Жазира Әлжанова Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек уәкілетті органның ғана емес, бүкіл мемлекеттік органдардың міндеті екендігін атап өтті.

Ал мектеп бастығы, полковник Ғазиз Төлеуішев жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалар мен атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, жеке құрамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіріп өтті.

Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімінің аға офицері капитан Ербол Айтбаев сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою туралы негізгі бағыттарға тоқталып, түсіндіру жұмысын жүргізді.

Шара соңында жемқорлықпен құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу ережелері де айтылды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР