2024-04-19 06:18:56
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары биыл сапалы электр қуатымен қамтылады

Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары биыл сапалы электр қуатымен қамтылады
Абай ауданы аумағында орналасқан Ынтымақ-2 шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту жұмысы ағымдағы жылдың шілде айында басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін 3 мыңға жуық электр бағаналары орнатылып, құрылыс жұмыстарының 40 % аяқталды.
Құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «А. Мерей и К» тарапынан қарқынды жүруде. Яғни, елдімекенді сапалы электр қуатымен қамту үшін 4 бригадада 20-дан астам коммуналдық қызметкер жұмылдырылған. Құрылыс жұмысы 2021 жылдың соңына дейін аяқталып, жобаға сәйкес, шағын ауданда орналасқан 2318 тұрғын үй электр қуатымен қамтылады.
Сондай-ақ, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы ауыз су мәселесі де биыл шешімін таппақ. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының тоқсан бес % аяқталды. Аталған шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мердігер мекеме «Компания Ахмет»ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған болатын.
Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қараша айында аяқталып, Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР