2024-04-20 09:52:54
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ұлттық халық санағының 2 кезеңіне насихаттау жұмыстары басталды

Ұлттық халық санағының 2 кезеңіне насихаттау жұмыстары басталды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 1 — 30 маусымы аралығында санаққа дайындықтың 1-кезеңі өтті. Қазіргі таңда санақтың 2-кезеңіне дайындық жұмыстарын насихаттау бойынша Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
2-кезеңде сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндігі қарастырылған.
1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz сайты жұмысын бастайды, мұнда Қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн режимде сұрақтарға жауап бере алады. Sanaq.gov.kz жүйесі тәуілігіне 24 сағат бойы қол жетімді болады.
Ал, дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында өтеді және ол белігіленген мерзім ішінде санаққа онлайн қатыспаған респонденттер арасында жүргізіледі. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшет қолданады.
Осыған орай барша аудан тұрғындарын халық санағына белсенді қатысуға шақырамыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР