2024-04-25 05:20:21
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: ветеринарларға қызметтік автокөліктер тапсырылды

Түркістан: ветеринарларға қызметтік автокөліктер тапсырылды

Түркістан облысының ветеринария саласының қызметкерлеріне ерекше қолдау көрсетілді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осы саланың өкілдеріне жаңа 16 арнайы жабдықталған қызметтік көліктердің кілтін салтанатты түрде тапсырды.

Ветеринариялық іс-шаралардың сапасын арттыру мақсатында, биыл жергілікті бюджеттен қосымша 352 млн. теңге қаржы бөлінді. Оған 16 биопрепараттарды сақтауға арналған камералық тоңазытқыш, 178 бірлік витриналық тоңазытқыш,  814 бірлік термочемодан, 366 бірлік ит ұстауға арналған ілмек және 390 бірлік  компьютер жиынтығы алынған. Ветеринария қызметінің жетістіктеріне тоқталған өңір басшысы ауыл шаруашылығы дамыған облыс үшін осы саланы дамыту маңызды екенін айтты.

Бүгінде Түркістан облысындағы аудан, қалалардағы 16 ветеринариялық ұйым біріктіріліп,  облыстық «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік- коммуналдық кәсіпорынын құру жөнінде шешім қабыланған.  Бұл тәжірибе елімізде алғашқы рет қолға алынып отыр. Нәтижесінде аудан, қалалардағы көмекші-техникалық персоналдар қысқарып, ветеринар мамандарға алмастырылып,  осы бастамалар нәтижесінде қызмет сапасы жақсарған. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті аурулар тіркелмеген.

2021 жылға ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 4,1 млрд. теңге қаржы қаралып,  өткен жылдан 10 пайызға өсті. Биыл 8 айда 16 аса қауіпті ауруларға қарсы 25,4 млн. доза вакцина егілді. Тиісті препараттармен 2,7 бас ірі мал бүркілді, 9,1 млн. бас қой-ешкі тоғытылды, қора жайлар мен буферлік аймақтар залалсыздандырылды. 48,4 мың бас қаңғыбас ит-мысық ауланған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР