2024-04-19 13:51:16
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысында жоғалған екі туристті іздеуге Өзбекстан құтқарушылары да жұмылдырылды

Түркістан облысында жоғалған екі туристті іздеуге Өзбекстан құтқарушылары да жұмылдырылды

Түркістан облысы Төлеби ауданында тауда жоғалған екі туристі іздеуге өзбекстандық құтқарушылар да жұмылдырылды. Бұл туралы өңірдің ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Ведомство басшысының айтуынша, көрші елдің құтқарушылары іздеу шараларын кешеден бастап жүргізіп жатыр.

«Іздеу шаралары басталғалы бері 350 шақырымнан аса аумақ жаяу араланды. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы 170 шақырымға жуық аумақ зерттелді. «ҚазАвиақұтқару» АҚ екі тікұшағы арқылы 3400 шақырым аумаққа әуеден бақылау жүргізілді. Қазіргі таңда іздеу жұмысына ТЖД, полиция, ҰҚК Шекара қызметінің шекарашылары, ұлттық парк қызметкерлері жұмылдырылған. Өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес, кешеден бастап Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, ТЖ бас басқармасының қызметкерлері де өз аумақтарында кірісіп отыр. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасатын болады», деді Ерік Сарыбаев.

Еске салайық, Төлеби ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 25 мамырда түскен болатын.

Оның үшеуі аман-есен табылып, үйіне қайтарылды. Ал, 29 мамыр күні сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның жансыз денесі табылды.

Ол 1999 жылы туған тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің денесі Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылған.

Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Жердегі іздестіруді құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалғандардың туыстары жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР