2024-04-19 22:07:10
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Туристік қызмет көрсететін кәсіпкерлерге ұсынылатын мемлекеттік қолдаулар

Туристік қызмет көрсететін кәсіпкерлерге ұсынылатын мемлекеттік қолдаулар

2019 жылдың басында елімізде күнделікті қолданатын тауарлар мен қызметтерге арналған «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы бастау алды. Үш жыл ішінде өзінің тиімділігін көрсеткен бағдарламаны Мемлекет басшысы 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдады.

Бағдарламаны дамыту — халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру үшін бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру, күрделі технологияларды қолдануды талап етпейтін өнімдерді кең көлемде шығаруға мүмкіндік береді.

Осы тұста мемлекеттік бағдарлама туристік қызмет көрсететін кәсіпкерлерге де үлкен жол ашады. Жеңілдетілген несие алу арқылы кәсібін дамыта алады.

НЕСИЕ ТАЛАПТАРЫ:
— Несие жобасы шектеусіз
— Несие алушы үшін соңғы мөлшерлеме жылына 6%-ға дейін
— Субсидиялау мөлшері — 9%-ға дейін
— Субсидиялау мерзімі — 10 жыл
— Несие бойынша қайта қаржыландыру қарастырылмаған
— Жобалардың нысаналы мақсаты–инвестициялар, айналым қаражатын толтыру несие көлемінің 50%-ға дейін
— Бағдарламаға шағын, орта және ірі бизнес өкілдері қатыса алады

СУБСИДИЯЛАУ МЕХАНИЗМІ:
1) Кәсіпкер банкке қаржыландыру беру өтінімімен жүгінеді
2) Банк жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді
3) Банк оң шешім қабылдаған жағдайда кәсіпкерге несие ұсыну бойынша хабарлайды
4) «Даму» Қорының уәкілетті органы оң шешім қабылдаса, «Даму» Қоры/жұмыс органы, кәсіпкер және банк арасында субсидия ұсыну бойынша үш жақты келісімшарт түзіледі

Қосымша ақпарат алу үшін:
«Shymkent invest» бизнеске арналған Үкімет фронт-офисі: 39-11-77;
«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы: 87011021717, 87021091717

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР