2022-07-02 01:55:42
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес қаламыздағы жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында ұлттық бейнемониторинг жүйесін құра отырып бейнебақылау камераларын орнату тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, бейнебақылау камераларын орнату үшін полиция департаментімен мекенжай бағдарламасы әзірленіп бекітілді. Өз кезегінде Шымкентте 2021 жылы қала аумағында 3177 бейнебақылау камералары орнатылғанын тілге тиек ете кету керек.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен биылғы жылы қала аумағына орнатылатын бейнебақылау камералары бойынша мәжіліс өтті.

Құқық бұзушылықтарды алдын алу және анықтау мақсатында елді мекендерде бейнебақылау жүйелерін қалпына келтіруді және бақылау аумағын одан әрі кеңейтуді қамтамасыз ету  мақсатында, Шымкент қаласының Полиция департаменті 2022 жылға арналған мекенжай бағдарламасын әзірлеп, ағымдағы жылы 200 жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және 800 жалпы бейнебақылау камералары орнатылатын болады.

Жиын барысында былтырғы жылы орнатылған бейнебақылау камераларының тиімділігін арттыру мақсатында анализ жасап, орнатылған нүктелерді қайта қарау мәселесі де талқыланды.

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы «Smart City» эталондық стандарына сәйкес, қалалық полиция департаментімен бірлесе отырып,  қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  100 көше қиылысына және 200 желілік учаскеге, сондай-ақ, 1500 жалпы бейнебақылау камераларын штатты режимде іске қосып, қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен ықпалдастырған болатын.

Қазіргі таңда қалада жалпы 14 500 бейнебақылау камералары жұмыс істейді.

М.Айтенов қала аумағына орнатылатын бейнебақылау камераларын қаладағы қылмыстық көрсеткіші жоғары нүктелерге орнату және бейнебақылау камераларының барлығын қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен ықпалдастыру бойынша сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Айта кету керек, Шымкентте бейнебақылау камералары қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР