2021-10-27 18:39:59
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік ұландар аттестаттарын қолдарына алды

Шымкенттік ұландар аттестаттарын қолдарына алды 1Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің саптық алаңында бітіруші 210 ұланға аттестат тапсыру рәсімі өтті.

Аталмыш рәсімді Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің бастығы полковник Ғазиз Төлеушев ашты. Ол ұлағатты ұстаздар атынан ұландарға жылы лебіз тілектерін білдіріп сәт-сапар тіледі.

— Мектептің басты міндеттері – жас ұрпақтың бойында патриоттық рух, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастырып, туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту. Ұландардың өз тағдырын армиядағы қызметпен байланыстыруға деген ұмтылысын көре отырып, біз нағыз, өз ісіне берілген Отан қорғаушыларды тәрбиелейтінімізге сенімдіміз, — деді полковник Ғазиз Тулеушев.

Ал ұландар өз кезегінде мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

— Менің ойымша, әрбір ер адамның міндеті – өз Отанын қорғау. Себебі, әскери қызмет – бұл тек қана әскери киім мен саптық тұрыс қана емес, бұл ең алдымен өзінің достығы мен ұйымшылдығымен танымал әскери ұжым. Мен осы мектеп қабырғасында әскери істің негіздерін меңгердім, дене дайындығымен айналысып, олимпиадалар мен конкурстарға қатысуға мүмкіндік алдым, – деді мектепті қызылға бітірген ұлан Мырзақұл Рабби.

Қазіргі уақытта Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде 395 ұлан білім алуда. Мектепте оқытуды, тәрбиелеуді, дене шынықтыруды сапалы ұйымдастыру үшін қажеттінің бәрімен жабдықталған. Заманауи оқу-материалдық, сондай-ақ жақсы спорттық-сауықтыру базасы бар.

Ал оқу бағдарламасына мемлекеттік және шет тілдерін, әскери пәндер мен күшейтілген дене даярлығынан дәрістер кіреді. Республикалық мектеп табалдырығын ұландықтар осымен 34 рет бітіруде.Олардың көпшілігі кейіннен офицер болып еліміздің Қарулы Күштері мен басқа да құрылымдарында қызмет етіп келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР